Алматыда Сүйінбай көшесіндегі көлік қозғалысы шектеледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Сүйінбай көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда Сүйінбай көшесіндегі көлік қозғалысы шектеледі

Алматы қалалық мобильдік басқармасының мәліметінше, уақытша жабылған көшенің бір бөлігінде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

«10 – 15 маусым аралығында таңғы сағат 8:00 -ден кешкі сағат 19:00-ге дейін Сүйінбай көшесі Рысқұлов даңғылынан Баянауыл көшесіне дейін көлік қозғалысы уақытша ішінара шектелетін болады»,- деп хабарлады Алматы қалалық мобильдік басқармасы.

Басқарма келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды.

Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.