Алматыда Сырлы сазды жетіген» атты музыкалық кеш өтеді

АСТАНА. 26 мамыр. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы Ықы­лас атындағы Мемлекеттік ұлттық аспап­тар мұражайында 30 мамыр күні сағат 19.00-де жетігеншілердің басын қосатын мәдени кеш өтеді,

Алматыда Сырлы сазды жетіген» атты музыкалық кеш өтеді

деп жазады «Алаш айнасы» газеті.

Ол «Алматы - шабыт қайнары...» шарасы аясында «Сырлы сазды жетіген» атты музыкалық кеш түрінде ұйымдастырылмақ. Кештің басты мақсаты - көнеден келе жатқан қазақтың ұлттық музыкалық аспабы жетіген аспа­бын кеңінен насихаттап, төл дәстүріміздің дамуына үлес қосу. Музыкалық кешке Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық кон­серваториясының ұстазы, ғалым-зерт­теуші Нұргүл Жақыпбек пен жас өнер­паз­дар Қорлан Картенбаева, Гүлжанат Күлжанова, Балжан Оспанова, Мөлдір Тұрсынқызы, Жадыра Мүсірепова, Серік Нұрмолдаев, Нұрболат Исаев, Әйгерім Дүкетбаева, Диляра Окманова сынды жас дарындар қатысады. Кеште халық әндері, қазақ және шетел сазгерлерінің күй­лері мен авторлық шығармалар орын­далады.

Бүл шараны Via Communications байланыс тобы, «Абай халықаралық клубы», Ықылас атындағы Мемлекеттік ұлттық аспаптар мұражайы бірлесіп ұйымдастырып отыр.