Алматыда сыртқы жарнамаға қатысты орынсыз айыптау тағылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы Қоғамдық кеңесінде сыртқы жарнама мәселесі талқыға салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда сыртқы жарнамаға қатысты орынсыз айыптау тағылды

Жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы департаментінің басшысы Данияр Таумұрат қатысты. 

Оның айтуынша, департамент пен кәсіпкерлер палатасына түсетін шағымдар саны азаяр емес. Басым бөлігі жергілікті басқарманың жарнама орнату саласындағы қызметіне қатысты болып отыр. 

Кәсіпкерлер көбінесе басқарма жарнама ақысын шамадан тыс асырып жібереді деген шағым айтады. Онымен қоса, жарнамаға қатысы жоқ объектілерге де қосымша ақы алып отырады. Мәселен, банктердің бірі дүкен ішіндегі «бір күнде жаңа көлікке несие», «комиссия 0 теңге», «төлем терминалы» секілді жарнамалар үшін төлемақы сұраған. Сот істі кәсіпкерлердің пайдасына шешті. Алайда, оны орындау тек Департаменттің араласуынан кейін ғана қолға алынған. 

Мемлекеттік бақылау саласында жарнама орнату ақысы бойынша нақты ереже жоқ. Ресми органдардың хабарлауынша, биылғы 8 айдың ішінде 500 мың теңгеден жоғары сомада әкімшілік хаттама толтырылған. 

«ҚР Жарнама туралы заңының 17.2-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар өз құзыретіне орай жұмыс жасайды. Сыртқы жарнама қою нормасына сәйкес кәсіпкерлердің фото және видео жарияланымдары бақыланып отырады. Кодекс бойынша бақылау формасында басқа норматив көрсетілмеген. Сыртқы көрнекі нысандарды сыртқы жарнамаға жатқызу әдістемесі бекітілмеген. Регламенттің жоқтығынан құқықтық түсініксіздік туады», - дейді Данияр Таумұрат.

Сондай-ақ, сыртқы жарнаманың ауданы қатып қалған өлшемдермен емес, жай көзбен өлшеніп жүр. Осы себепті алынатын төлемге қарсы пікір білдірушілер көп. 

Жақында жүргізілген мониторинг бұл әдістің Кәсіпкерлік, Салықтық Кодекс пен Жарнама заңына қарама-қайшы екенін көрсетті. 

«Қазір Алматыда рұқсатсыз орнатылған сыртқы жарнамаға қатысты басқа әдіске көштік. Басшылық «Алматы генплан» ЖШС-мен зерттелген фото және видео түріндегі сыртқы жарнамаға қатысты фактілер қатарын жариялады. ЖШС қызметкерлері стендтік жарнаманың материалын, оның ауданын визуалды түрін анықтап, бекіту жұмысы кәсіпорын субъектілеріне хабарлаусыз жабық түрде жүзеге асады. Тексеру қорытындылары бойынша тікелей басшылыққа жіберіледі. Олар өз кезегінде салық органдарына төлеушілер туралы дәйектерді көрсетеді. Салық органдары көрсетілген фактілерге сүйене отырып, тиісті шаралар қабылдайды», - дейді Данияр Таумұрат.

Департамент өкілеттік орындармен ұсынылған заң аясында Кәсіпкерлер Кодексінің 131-бабы 1-бөліміне қарама-қайшы келетінін ескерді. Сондай-ақ, мемлекеттің кәсіпкерлер ісіне заңсыз араласуына болмайды. 

Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлан Уранхаев барлығына кінәлі - мамандардың жетіспеушілігі екенін атап өтті. Оның мәліметіне сәйкес, 20 қыркүйекте басшылыққа 10 түрлі мемлекеттік қызмет бойынша 39933 жолдама келіп түскен. 

«Күн сайын басшылығымызға 300-ге жуық хат келеді. Әр жұмысшыға бір күнде 8 хаттан тиеді. Барлығы сәулеттік жоспарлау тапсырмасын (СЖП) беру, жарнама және басқа да заңдарға қатысты хаттар. 20 қыркүйекте СЖП алуға 7267 өтініш келіп түскен, олардың 2593-і қаралды. Осы жылдың ақпанынан бастап Doing business аясында бас тартқандар саны азайып, жұмыс көбейген. Әу баста техникалық қызмет көрсетушілер лайықты монополиясын алатын. Қазір мұнымен біз айналасамыз», - дейді Нұрлан Уранхаев.

Оның ойынша, әрбір бөлім мен ауданға кем дегенде 3 маман керек. Штаттың ұлғаюына қомақты соманың керегі жоқ. Алайда, Үкімет бекіткен штат санының нормасына сәйкес оны қолға алу мүмкін болмай отыр.

Қаланың солтүстігіндегі Райымбек даңғылы мен Алматы-1 вокзалындағы жарнамалар Қоғамдық кеңес мүшелерінің зығырданын қайнатты. Жарнамалық жазбалар жол шеттерінде оңды-соңды қойылған. Сондай-ақ, тағам аттары мен түрлі-түсті металл атауларынан сауатсыз жазылған мәтіндер жиі кездеседі. 

«Жол жиегіндегі маңдайшалардың мәселесін салықтық инспекцияға жібердік. Алайда, бізден кәсіпкерлерге қысым көрсетпеуімізді сұрайды. Мәтіндердің мазмұнымен Тілдер басқармасы айналысады», - дейді Н. Уранхаев.