Алматыда таэквондодан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

АЛМАТЫ.  7 қаңтар. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде таэквондо ITF федерациясының  ұйымдастыруымен таэквондодан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.
None
None

Оған еліміздің түкпір-түкпірінен келген 300-ге тарта таэквондошылар  қатысуда. Жарысқа қатысушылар арасында  әлем чемпионы Александр Поляков, Максим Фу сынды азулы спортшылар да бар. Бүгін жас шамасына қарай топқа бөлінген спортшылардың ең мықтысы анықталатын болады.

Жарыстың қорытындысы бойынша, 25-29 сәуірде Душанбе қаласында болатын VI Азия чемпионатына қатысатын ұлттық құрама жасақталады. Тәжікстан астанасындағы бұл дүбірлі дода жас ерекшелігіне қарай 14-15, 16-17 және 18 жастан жоғарылар арасында өтеді. Одан кейін таэквондошылар 20-26 тамызда Эстонияның Таллин қаласында 14-15 және 16-17 жас аралығындағылардың - оныншы, ардагерлер арасындағы бесінші Әлем біріншілігінде ел намысын қорғайтын болады.

Соңғы жаңалықтар