Алматыда тағы бір ақылы автотұрақ пайда болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 17 мамырдан бастап Жібек жолы көшесі бойындағы учаскелердің бірінде ақылы автотұрақ іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Автотұрақ Жібек жолы көшесінің бойында Желтоқсан мен Амангелді көшесінің аралығында орналасқан. Аймақ нөмірі - 1002.

«Автотұрақ саны - 61, мүгедектерге арналған орындар саны - 5. Жаңа ақылы учаске Жібек жолы көшесінің бойында Желтоқсан мен Амангелді көшелерінің аралығында орналасқан. Негізгі мақсат - тұрақ орындарының санын бірнеше есе арттыру және барлық азаматтарға жалпыға ортақ қалалық кеңістікке тең құқықтар беру», - деп хабарлады Aparking компаниясынан.

Айта кетейік, 29 сәуірден бастап Алматының бірнеше көшесінде жаңа ақылы автотұрақтар жұмыс істей бастады:

- Т. Молдағалиев көшесінің бойында Ақан Сері мен Стасов көшелерінің аралығында;

- Станкевич көшесінің бойымен Чернышевский мен Ж. Аймауытов көшелерінің аралығында;

- Чернышевский көшесінің бойымен Ақан Сері мен Станкевич көшелерінің аралығында.


Соңғы жаңалықтар