Алматыда тағы бір қылмыстық әлемнің «беделдісі» ұсталды
АСТАНА. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ақпанның 2-сі күні Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы операция барысында 42 жасар қылмыстық әлемнің «беделдісін» қолға түсірді.
Бұл туралы бүгін журналалистермен болған апталық брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ұсталған азамат Алматыға Шу қаласынан келген. Тексеру барысында одан оқтары бар револьвер мен 2 келі марихуана табылды. «Тәртіп сақшылары сонымен қатар 2009 жылы «Лексус-RX-570» көлігіне қарақшылық шабуыл жасаған 23 жасар Алматы қаласының тұрғынын ұстады. Ал көлік Тәжікстаннан табылды. Қазіргі таңда осы қылмысқа қатысы бар өзге азаматтарды қолға түсіру бойынша арнайы шаралар жүргізілуде», деді департамент бастығы.