Алматыда тағы бір топ мародер ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ұялы байланыс орталығын тонағандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері 22 ұялы телефон ұрлаған төрт ер адамды қолға түсірді.

Олар «Әйгерім-2» ықшамауданындағы жалдамалы баспанада ұсталды. Күдіктілердің ең үлкені - 29 жаста болса, ең кішісі – 24 жаста.

Анықталғандай, 6 қаңтарға қараған түні бұзақылар тобы ұялы байланыс орталығына кіріп, түрлі маркадағы ұялы телефондарды ұрлап кеткен.

Ұсталғандар Алматы облысынан келген.

Олар қылмыс жасағанын мойындады.

Қазіргі уақытта ұсталғандардың жеке басы, басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар