Алматыда тағы бірнеше автобустың жүру бағыты өзгереді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Папанин көшесіндегі жерасты газ құбырын реконструкциялау жұмыстарына байланысты 15 тамыз бен 15 қараша аралығында кейбір автобустардың бағыты өзгереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қалалық әкімдіктің мәліметіне сәйкес, мына бағыттар бойынша өзгеріс болады:
№121 – оңтүстік бағытта: Майлин көшесі – Шемякин көшесі – Рысқұлов даңғылы – Жангелдин көшесі – одан әрі схема бойынша;
№121 - солтүстік бағытта: Жангелдин көшесі – Рысқұлов даңғылы (шығысқа қарай) – «№103 мектеп-гимназия» алдындағы бұрылыс – Шемякин көшесі – Майлин көшесі – одан әрі схема бойынша;
№74 – оңтүстік бағытта: Гете көшесі – Хмельницкий көшесі – Шемякин көшесі – Рысқұлов даңғылы – Жангелдин көшесі – одан әрі схема бойынша;
№74 - солтүстік бағытта: Жангелдин көшесі – Рысқұлов даңғылы (шығысқа қарай) – «№103 мектеп-гимназия» алдындағы бұрылыс – Шемякин көшесі – Майлин көшесі – Писарев көшесі алдындағы бұрылыс – Хмельницкий көшесі – Гете көшесі – одан әрі схема бойынша.
Бұған дейін Алматыда жерасты газ құбырын жаңалау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Папанин көшесі бойында көлік қозғалысы шектелетіні туралы жазған болатынбыз.