Алматыда «Тағылым» мәдени интеллектуалдық клубы құрылды

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін  Алматыдағы Мәдени саясат және өнертану институтында «Тағылым»  мәдени интеллектуалдық клубының алғашқы отырысы өтіп жатыр,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі таңда дүниежүзінде мәдениет саласында үлкен өзгерістер болып жатыр. Қазақстан соның ішінде жаһандану әлемінің жағдайында  өмір сүруде. Осы жаһанданудың жақсы жақтарымен қатар, келеңсіз жақтары да бар. Оның ең негізгі мәселесі, бұғанасы қатпаған  жас мәдениеттердің жаһандану мәдениетінің астында  қалу қаупі. Бір үйдің ішінде отырып әлемдегі өзгерістерді қабылдау көзқарасымыз  әртүрлі.  Бір отбасы 4-5 мәдениеттің қабылдаушысы болып отыр. Одан ешқайда қашып құтыла алмайсың. Үйде теледидар, интернет, газет, электрондық  кітап бар. Сондықтан дәстүрлі мәдениетті жай ғана сақтау емес, оны қалай дамытамыз деген  мәселелерді сараптау үшін бүгін институт жанынан мәдени интеллектуалдық клуб құрып жатырмыз. Оның негізгі мақсаты  дүниежүзінде болып жатқан үрдістерді қазақтың дәстүрлі мәдениетіне сәйкестендіру», дейді Мәдени саясат және өнертану институтының директоры Ерлан Саиров.  Оның айтуынша, бүгінгі таңда әрқайсымыз қазақтың дәстүрлі мәдениетін игереміз деп айта алмаймыз. Осының өзі жаһандану мәдениетінің көрінісі. Оны ұлттық  дәстүрге  сәйкестендіру үшін  көптеген ғылыми зерттеу жұмыстарымен бірге тұрақты пікірсайыстар жүргізіп отыру керек. Оған басқа мәдениеттің жеткізушілерін шақырып, ойларын біліп, сол арқылы өзіміздің мәдени саясатымызды жөндеп отыруымыз қажет. Сол себепті айына екі рет өтетін «Тағылым» клубының бір отырысы ұлттық мәдениет өкілдерімен өтсе,  екіншісіне шетелдіктер   шақырылатын болады. Мәселен, бүгінгі отырысқа «Теледидар  және радио» Еуразиялық академиясы Президиумынвың мүшесі, қоғам қайраткері, «Консерватор» журналының бас редакторы Рустам Арифжанов шақырылып отыр. Ал алдағы басқосуларда Норвегияның және Германияның ұлттық мұра институтының директорлары қатысады деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар