Алматыда «Тағылым» мәдени-интеллектуалдық клубының ТМД елдеріндегі мәдени саясаттың стратегиялары туралы мәжілісі өтеді
АЛМАТЫ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда ақпанның 24-і күні «Тағылым» мәдени-интеллекуалдық клубының «Нені саламыз: бекініс пе, әлде арнаулы автомобиль жолдарын ба?» деген тақырыпта ТМД елдеріндегі мәдени саясаттың стратегияларын талқылауға арналған мәжілісі өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Онда негізгі пікірсайысшы Ресей Мәдениеттану институтының директоры, өнертану ғылымының докторы Кирилл Разлогов болмақ. Бұл мәжіліске мәдениеттанушылар, ғалымдар, қоғам және мәдениет қайраткерлері қатысады деп жоспарлануда. Алқалы жиында - кеңестік дәуірден кейінгі кеңiстiк, мәдени алуандықты сақтауға арналған БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөнідегі ұйымының (ЮНЕСКО) жобаларына сәйкес маңызды мәдени құрылыстың ұтымды бағытын таңдау және пайдалану жайы талқыланбақ.
«Тағылым» мәдени-интеллектуалдық клубы Мәдени саясат және өнертану институтының жанында құрылған болатын. Алғашқы мәжілісі желтоқсанның 12-сінде өткен еді. Қаңтардың 14-і күні болған екінші отырыс «Қала мәдениеті мен ауыл мәдениеті арасындағы айырмашылықтар» деген тақырыпта өтті.