Алматыда такси жүргізушісіне шабуыл жасағандар ұсталды

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда такси жүргізушісіне шабуыл жасаған қарақшылар ұсталды, деп хабарлайды қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.
None
None

Әуезов аудандық ІІБ-нің бастығы, полиция полковнигі Әбілғазы Төлепбергеновтың айтуынша жеке көлігімен адам тасумен айналысып жүрген А.есімді азамат Райымбек даңғылы бойынан 2 жігітті қала қонақ үйлерінің біріне дейін жеткізіп салу үшін алған. Алайда жетер жеріне жеткен қос қорқау ақша төлеудің орнына пышақ кезеніп, жүк салғышқа жатуды бұйырған. «Олардың қолынан қашып шыққан жүргізуші, жақын маңдағы жанармай бекетіне жетіп, қарақшылық шаубыл туралы полицияға хабарласқан. Қала бойынша жедел «Ұстау» жоспары жасалынды, алайда қарақшылар бұған дейін-ақ ұсталды» дейді полиция полковнигі. Оның айтуынша, қос қарақшы ұрланған көлікпен адам тасып, ақша табуды жөн көріпті. Алайда бірнеше минуттан соң көшеде апаттық жағдай тудырып, жол ережесін бұзып бара жатқан оларды жол полициясының шолғыншылары тоқтатқан. Ұсталғандардың екеуі де мас болып шықты. Бірнеше сағат бұрын ғана танысқан Әлімжан мен Дмитрий ішімдікке сылқия тойып, артынан қызық оқиға іздеген көрінеді. Ертеңіне ес жиған ұсталғандардың біреуі мастықтан осындай іске барғанын айтса, Дмитрий есімді азамат бұрын 9 рет істі болғанын, қылмыс жасамаса жүре алмайтынын айтқан.

Соңғы жаңалықтар