Алматыда таксилердің жұмысы реттеледі

Бұл деректер бүгін Алматыда қалалық ІІД мен таксопарктер басшыларының кездесуі барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Отырыста белгілі болғандай, жыл басынан бері жүргізушілерге 30 шабуыл жасалған. Оның 12-сі ашылып, 7 автокөлік иесіне қайтарылған.
Кездесу барысында бұл мәселелермен қатар такси тасымалдарын жетілдіру, көліктерді біртүске келтіру мәселелері сөз болды. Отырыс барысында белгілі болғандай, бұдан былай қылмыстың алдын-алу мен ашуда таксопарктер мен ІІД арасында ақпараттық алмасу жолға қойылмақ. Бұл ретте біріккен жұмыс тобы құрылады. Бұл жұмыс тобына жол полициясы, криминалдық полиция, таксопарктердің өкілдері кіреді. Жол полициясы өз кезегінде таксилердің тиімді жұмыс істеуі үшін көлік тұрақтарына таксилерді қоюды шешумен, ал таксопарктердің диспетчерлік қызметі такси жүргізушілерінің көмегімен қалада орын алған түрлі қылмыстарды ІІД-не беруді ұйымдастырумен айналыспақ.
Қазіргі кезде Алматыда 402 көлігі бар 6 үлкен таксопарк жұмыс істейді.