Алматыда «Талантты ұстаз - дарынды балаларға» атты VI республикалық педагогикалық олимпиада мәресіне жетті

Естеріңізге сала кетсек, аталмыш шара ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу және Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізілген болатын. Олимпиаданың мақсаты - педагогикалық мамандық және кәсіби педагогикалық білімнің маңыздылығын арттыру, педагогика саласына бағытталған талантты жастарды анықтау, дарынды балалармен жұмыс жасайтын білікті жас педагогтарды анықтау, жоғары сынып оқушыларының педагогикалық қызметке кәсіби икемділігін айқындау болып табылады. Білім сайысына еліміздің барлық өңірінен іріктелген 221 қатысушы - жоғарғы сынып оқушыларынан 11 команда (52 қатысушы), гуманитарлық колледждерден 7 команда (38 қатысушы), студенттерден 3 команда (20 қатысушы), 1 магистрант, 84 мектеп мұғалімдері, 13 психолог маманы және 7 педагог-ұйымдастырушы, тәрбиешілер қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша 13 жоба - І орынға, 24 жоба - ІІ орынға, 30 жоба - ІІІ орынға лайық деп танылса, 33 жоба - мақтау қағаздарымен марапатталды.