Алматыда тамақ өнеркәсібінің ХҮІ- халықаралық «International Food Week Kazakhstan'2011» көрмесі өтеді

АЛМАТЫ. 11 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайында 18-20 мамыр күндері тамақ өнеркәсібінің ХҮІ-халықаралық «International Food Week Kazakhstan'2011» көрмесі болады.

Алматыда тамақ өнеркәсібінің ХҮІ- халықаралық  «International Food Week Kazakhstan'2011» көрмесі өтеді

Оны ҚР Экономикалық даму және сауда, ҚР Ауыл шаруашылығы министрліктері мен ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының қолдауымен Қазақстандағы «ТНТ Реклама» ЖШС-мен серіктесіп «NT Productions, Inc.» халықаралық көрме компаниясы ұйымдастырып отыр. Оған биыл Қазақстан, Германия, Үндістан, Италия, Қытай, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Украина және Швейцариядан 60-тан астам компания қатыспақ. Тамақ өнеркәсібінің бұл ірі басқосуы шарасында: ХҮІ-халықаралық тамақ және сусын өнімдерінің көрмесі, ХІ-халықаралық азық-түлік өнеркәсібі құрал-жабдықтары көрмесі, Х1-халықаралық орама өнеркәсібі технологиясы мен құрал-жабдықтары көрмесі, ҮП-халықаралық ауыл шаруашлығы технологиясы мен құрал-жабдықтары көрмесі топтастырылып отыр.