Алматыда таңдаушылар дауыс беріп жатыр

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Сенат депутатын сайлау үшін таңдаушылар дауыс беріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясынан хабарлағандай, таңдаушылардың бірлескен отырысына 37 депутат қатысып, дауыс беруде.

Дауыс беру сағат 11.00-де басталды.

Еске салайық, бұдан бұрын Алматыда Сенат депутатын сайлауға 4 әйел кандидат түсетінін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар