Алматыда танымал қазақстандық суретшілердің көрмесі ашылады

АЛМАТЫ. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Алматыда қаңтардың 23-інде шығыс күнтізбесі бойынша атап өтілетін жаңа жылдың қарсаңында «Бұқа, қыс және қиял» сурет көрмесі ашылады. Оған еліміздің белгілі қылқалам шеберлерінің туындылары қойылмақ,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат шараны ұйымдастырушы ? «Алма-Ата» мәдени орталығына сілтеме жасай отырып. Көрмеге 24 алматылық суретшінің жұмыстары ұсынылмақ. Олардың көпшілігі «Алма-Ата» мәдени орталығы өткізіп жүрген шараларға үнемі қатысып жүрген суретшілер. Сыншылардың пікірінше, аталмыш ұжымдық көрмеге қатысатын авторлар құрамын ескере отырып, оның тосын жағымды жаңалықтарға толы болатындығын аңғару қиын емес. Қылқалам шеберлерінің басым бөлігі өз шеберханаларында әлі де еңбекқор да сенімді бұқа жылының келуіне орай туындаған өздерінің сезімдерін көпшілікке жеткізу мақсатында соған сәйкес келетін теңдеулер іздеп әлек болуда. Белгілі өнертанушы Баян Барманқұлованың айтуынша, Алматының суретшілері әлемдік дағдарысқа өздерінің жайдары көңіл-күйлерін және туынды жасауға деген ұмтылыстарын қарсы қоюға ниетті. «Көптеген картиналардың жаңа болатынына, суық бояу иісі мүңкіп тұратындығына, ал беткі қабатынан ой-түйсіктің нәзік қылдарын дірілдетер шығармашыл рухтың ыстық лебі сезіліп тұрарына сенімдімін», дейді Б. Барманқұлова.Сурет көрмесі 2009 жылдың 21 ақпанына дейін созылмақ.
Соңғы жаңалықтар