Алматыда танысын мүшелеп өлтіргендерге қатысты қылмыстық іс қаралуда

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ер адамды мүшелеп өлтіргендерге қатысты қозғалған қылмыстық іс әлі қаралу үстінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда танысын мүшелеп өлтіргендерге қатысты қылмыстық іс қаралуда

«Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында А. және К.-ға қатысты қылмыстық іс Алматы қалалық прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасының жауабы негізінде қайта жалғастырылды. Бұған дейін сотталушылар тарапынан сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тергеу барысында рұқсат етілмеген тәсілдер қолданылғаны туралы шағым келтіріліп, іс уақытша тоқтаған. Сотталушылар ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігінің 7-тармағы және 188-бабының 2-бөлігі, 1-ші тармағы (адам өлтіру, құжаттарды заңсыз алу, жасыру, ұйымдасқан түрде қылмыс жасау) бойына айыпталып отыр», делінген аталған соттың сайтында.

Еске сала кетейік, 7 қыркүйек күні Алматыда қоқыс контейнерінен адамның басы мен қол-аяғы табылған. 1991 жылы туған Р.Ситактың өліміне қатысты ШҚО мен Павлодар қаласының 1993, 1994 жылы туған екі тұрғыны күдікті ретінде ұсталды.

Алматы қаласы ІІД хабарлауынша, қылмыстық оқиға таныстардың өзара жанжалынан басталған. Аса ауыр қылмысты жасағаннан кейін күдіктілер Алматыдан қашып кеткенімен Байқоңырдан ұсталған болатын.