Алматыда танысын жер жастандырған екі адам 17 жылға сотталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда танысын жер жастандырған екі адам 17 жылға сотталды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Алматы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында адам өліміне қатысты іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, күдікті ер адам өзінің танысын таса жерге шақыртып, ішімдік ішкізген. Өз кезегінде оның танысы күдіктіге белгілі бір сомаға автобусты беруге келіседі.

Алайда, екеуінің арасында пайда болған дау-жанжалдың арты төбелеске ұласып, күдікті танысын өлтіреді.

Осы іске қатысы бар екінші адам да ұсталды.

Күдіктілердің екеуі де ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен айыпты деп танылып, 17 жылға бас бостандығынан айрылды.

Соңғы жаңалықтар