Алматыда «Тарихи-мәдени мұраның өркениеттер диалогындағы рөлі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді

АЛМАТЫ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Маусымның 9-10-ы күндері Алматыда «Мәдени мұра» ұлттық жобасы аясында «Тарихи-мәдени мұраның өркениеттер диалогындағы рөлі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Конференцияны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Мәдениет комитеті, Мәдени саясат және өнертану институты, «Өркениеттер диалогы» әлемдік қоғамдық форумы «Нұр Отан» ХДП-ның әріптестігімен ұйымдастырып отыр. Мәслихат «Мәдени мұра» жобасын халықаралық деңгейде насихаттау, Қазақстанды әлеуметтік-гуманитарлық өзекті мәселелерді шешетін халықаралық өркениеттер алаңына айналдыру, қазақтың тарихи-мәдени ұлттық мұрасын дүниежүзілік ғылыми айналысқа енгізу мақсатымен ұйымдастырылғалы отыр.
Соңғы жаңалықтар