Алматыда тау іргесі көшіп, жолды жауып қалды
АЛМАТы. ҚазАқпарат - Алматыда тау іргесі көшіп, жолды жауып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Төтенше жағдай Медеу ауданындағы «Каменское плато» бау-бақша қоғамдастығында Горный садовод көшесінде болған.
№5,7 учаске иелерінің қазған кәріз құдығының салдарынан топырақ шектен тыс ылғалданып, 150 текше метр шамасында топырақ қопарылып, жолды жауып қалған.
Оқиға орнында «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің мамандары жұмыс жасап, жолды тазалады.
Төтенше жағдай қызметкерлерінен ешкім жапа шеккен жоқ.