Алматыда тәуекел менеджменті туралы 5-ші халықаралық конференция өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда тәуекел менеджменті туралы 5-ші халықаралық конференция өз жұмысын бастады,

Алматыда тәуекел менеджменті туралы 5-ші халықаралық конференция өтіп жатыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Екі күнге созылатын кеңестің ұйымдастырушысы «Еуразия» сақтандыру компаниясы» АҚ. Оған түрлі деңгейдегі қаржы институттары мен экономиканың нақты секторындағы компания жетекшілері, қоғамдық ұйымдардың басшылары, халықаралық рейтинг агенттіктерінің өкілдері және тәуелсіз сарапшылар қатысуда. Дәстүрлі халықаралық бұл конференцияның модераторы РБК телеарнасының «В Фокусе» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі Игор Виттель. «Тәуекел менеджменті туралы халықаралық конференцияны 2005 жылы алғаш ұйымдастырылған кезде оған шақырылған көптеген қонақтар, БАҚ өкілдері ? «тәуекел менеджменті деген не? Ол не үшін керек?» - деп сұраған еді. 2006-2007 жылдары журналистер, «енді тәуекелді басқару бізге онсыз да түсінікті. Оны жыл сайын өткізе бересіздер ме?» - дейтін болды. Ал 2008 жылы мәселе тәуекел менеджменті туралы айтуда емес оны басқаруда екені айқын аңғарыла бастады. Биылғы жылы алғашқы тоқсанда көптеген қазақстандықтар үшін маңызы зор оқиғаларға толы болды. Бұл үкіметтің әркеттері, компаниялардың жоғалуы, банктердің мемлекет меншігіне айналуы, теңгенің девальвациясы және тағы басқалар», - дейді «Еуразия» сақтандыру компаниясы» АҚ-ның Басқарма төрағасы Борис Усманов. Оның айтуынша, қазір мемлекеттік институт бүкіл әлемде өзгеріп, мемлекеттің қызметі кеңеюде. Мемлекет пен жеке бизнестің қарым-қатынасы да өзгеруде. «Нарықты реттеу барлық уақытта да үкіметтің басты қызметі болатын. Алайда ол оны толық атқара алмады. Көптеген елдердің реттеушілері тәуекел менеджменті жүйесін енгізуге тырысқанымен қазіргі дағдарысты тоқтата алған жоқ. Сондықтан ерте ме, кеш пе үкімет бәрібір банктер мен компанияларды қайтадан жекешелендіре бастайды. Өйткені үкімет тәуекелге бара алмайды», - дейді Борис Уманов.