Алматыда Тәуелсіздік күні 106 нәресте дүниеге келді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 16 желтоқсан күні 106 нәресте дүниеге келді. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Алматыда Тәуелсіздік күні 106 нәресте дүниеге келді

«16 желтоқсан күні Алматы презентханаларында 106 бала дүние есігін ашты. Оның 63-і - ұл бала болса, 43-і - қыз бала. Оның ішінде бір жұп егіз бала өмірге келді», - деді басқарманың баспасөз қызметінен.

Дәрігерлердің айтуынша, барлық нәрестелердің денсаулығы жақсы.

Ал Шымкентте тәуелсіздік күні 50 сәби дүниеге келген. Мереке күні дүниеге келгендердің басым бөлігі - қыз балалар.

16 желтоқсан күні қалада 26 қыз бала, 24 ұл бала дүние есігін ашқан.