Алматыда «Тәуелсіздік мұраты және Желтоқсан көтерілісінің тағылымы» атты дөңгелек үстел жиыны өтуде

МАТЫ. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыдағы Қазақ қатынас жолдары университетінде «Тәуелсіздік мұраты және Желтоқсан көтерілісінің тағылымы» атты дөңгелек үстел жиыны өтуде.
None
None

Бұл басқосу кезінде «Республикалық халықтық демократиялық отаншылдық Желтоқсан қозғалысының» төрағасы Нұрлыбек Қуаңбаев және желтоқсандық күрескерлер Жүрсін Тастекеев, Қадыр Есімбаев, Анар Серкеновалар өз сөздерінде Желтоқсан көтерілісінің мәртебесін айқындайтын заңның қажеттігіне айрықша тоқталды.

«Бұл шара Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен 1986 жылғы Желтоқсан көтерлісінің 25 жылдығына арналып отыр. Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсырысы бойынша «Жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Жаратылысынан еркіндік пен теңдікті мақсат еткен қазақ ұлты өзінің тәуелсіздігіне бұралаңы көп жолмен жетті. Сол жолда талай өрен езгі көріп, талай зиялы елі үшін, ұлты үшін құрбан болды», - дейді «Жерұйық» қоғамдық бірлестігіБолатбек Төлепберген.

Соңғы жаңалықтар