Алматыда «Тәуелсіздік тірегі - мемлекеттік тіл» атты жиын өтті

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыда «Нұр Отан» ХДП-ның ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік тірегі - мемлекеттік тіл» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі таңда мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мақсатында Үкімет, азаматтық қоғамның барлық институттары түрлі кешенді шаралар өткізіп жатыр. Заңнама талаптарына сәйкес ҚР әрбір азаматының мемлекеттік тілді меңгеруі тиісті болғандықтан, аталған мекемелерде осы мәселеге ерекше назар аударылуда. Азаматтық қоғам тарапынан еліміздің барлық жерлерінде әрбір қазақстандықтарды мемлекеттік тіл - қазақ тілін ардақтауға, оның қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған өткізіліп жатқан шаралары жетіп жатыр.

Аталмыш шара қазақ тілінің дамуына үлес қосып жүрген қайраткерлер мен жастардың қатысуымен өткізілді. Жиынға қатысушылар қазақ тілінің бүгінгі халімен оны меңгеру тұрғысындағы ойларын білдірді. Сонымен қатар қазақ тілі әлемдегі ең әуезді, әсем үнді тілдердің қатарына жататындығы айтылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында мектеп оқушылары арасында өткізілген «Ана тілім - ардағым» тақырыбындағы шығармалар байқауының қорытындысы жарияланды.

Соңғы жаңалықтар