Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін екі кітапхана ашылды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгіннен бастап Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің екі филиалы тәулік бойы жұмыс істейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының мәдениет басқармасы қала әкімдігінің қолдауымен Алматы кітапханаларымен бірлесіп «Alatau Creative Hub» орталығы мен Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханаларының базасын ашу жөнінде бастама көтерді.

«Тәулік бойы жұмыс істейтін кітапхананың жаңа жұмысы алматылықтарға берілген ыңғайлылық пен ресурстарды кез келген уақытта пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл сонымен қатар шығармашылықты ынталандыруға және әртүрлі актерлар арасындағы ынтымақтастықты жеңілдетуге ықпал етеді»,- деп хабарлады Алматы әкімдігінен.

Айта кетейік Alatau Creative Hub таланттар мен креативті индустрияларды дамыту үшін қолайлы орта құру мақсатында «Шексіз қала» стратегиясын іске асыру аясында ашылды.

Орталық барлық тілек білдірушілердің жан-жақты дамуы үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынады.

Мұнда оқырман әдебиеттің бай ассортименті бар кітап бұрыштарымен танысып, бағдарламалауды меңгере алады, өнер мен шығармашылық саласындағы дағдыларын дамыта алады.

Еске салайық, осы жылдың маусым айында Түркістанда өткен «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» ұлттық құрылтайының екінші отырысы барысында Қасым-Жомарт Тоқаев 24/7 (тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн) режимде жұмыс істейтін кітапхана құру идеясын айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар