Алматыда таяуда ғана жөнделген көшенің тас төсенішін алмастырып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Панфилов көшесінде Қабанбай батыр көшесіне жақын жердегі жаяу жүргіншілер жолағының тас төсенішін алмастырып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Алматыда таяуда ғана жөнделген көшенің тас төсенішін алмастырып жатыр

Бүгін, жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, Панфилов көшесінің жағасындағы жаяу жүргіншілер жолағы жабылды. Қала әкімдігінің қызметкерлері осы жағдай туралы пікір білдірді.

«Мердігер ұйым кепілді міндеттемелері аясында, айтылған ескертпелерді өз қаражаттары есебінен орындап жатыр», - дейді Алматы әкімдігінің өкілдері.

Өткен аптада әкімдік қызметкерлері Алматыдағы LRT құрылысына байланысты Панфилов көшесінен инженерлік желілердің қалай шығарылатынын айтқан болатын.

Еске сала кетейік, жөнделген көше былтыр Мемлекет басшысына көрсетілген еді.