Алматыда «Таза ауа» айлығы өткізіледі

       АЛМАТЫ. Тамыздың 5-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - 5 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Алматыда қоршаған ортаның  сапасын жақсарту   мақсатында «Таза ауа» айлығы өткізіледі,

Алматыда  «Таза ауа» айлығы өткізіледі

   деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

         Айлық аясында  қалаға кіре беріс жолдар мен көлік  магистралдарында автокөліктерден шығатын түтін  мен улы газдардың  нормасына, атмосфералық  ауаны ластаушы  бірқатар  кәсіпорындардың  табиғатты қорғау  қызметіне, жанармай  құю  стансаларында  сатылатын  көлік  жанармайларының  сапасына мониторинг  жасау көзделген. Бұнымен қатар қаланың  негізгі  көлік  күре жолдары  бойында  атмосфералық ауаның  жағдайына  мониторинг жасау, ауаны  биофизикалық  тазарту  жөнінде  ғылыми-зерттеу  сынағын  өткізу  шаралары да жүргізілмек.Аталған  шараның жүзеге асуына    Балқаш-Алакөл  экология департаменті, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша  департаменті, Мемлекеттік  санитарлық-эпидемиологиялық  қадағалау  комитетінің  Алматы қаласы бойынша  департаменті, ІІД  Жол полициясы  басқармасы сынды  органдардың  мамандары  қатысады.