Алматыда «Таза бейсенбі» шарасы өтті
АЛМАТЫ. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Алмалы ауданында өткен шарада жедел жәрдем стансасы мен ҰОС ардагерлерінің емхана ұжымдары ағаштар отырғызды.
Акция егде адамдар айлығы аясында ұйымдастырылып отыр. Шара тұрғындарды экологиялық тазалыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Сонымен қатар, бір уақытта Алмалы ауданының 10 мектебінде «Оқушылар қолымен жасыл әлем» атты акция ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары өз аумақтарында ағаштың 4 түрін отырғызу жұмыстарын жүргізді.
Отырғызылған ағаштардың жалпы саны 212 түп болды.