Алматыда «Театр» деп аталатын жаңа жұрнал жарық көреді

АЛМАТЫ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда биыл «Театр» деп аталатын жаңа жұрнал шығатын болды. Бұл жайлы бүгін Алматыда «Бүгінгі күн: қазақ драматургиясы және театр репертуары» деген тақырыпта өткен Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының ІІІ пленумында айтылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Талғат Теменов бастаған ынталы топ Театр қайраткерлері одағымен бірігіп, «Театр» деген жұрналдың алғашқы нөмірін дайындап жатыр. Бірінші нөмірі жарық көргеннен кейін осы жұрналды министрлік қамқорлығына алып, жыл сайын жеткілікті деңгейде қаражат беруге әзір. Бұл басылым биыл қолдарыңызға тиеді ғой деп ойлаймын», - дейді Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед. Оның айтуынша, министрлік әзірге театр туралы жеке басылымын шығара алмайды. Дулат Исабековтің бастамасымен жарық көрген «Мәдениет» журналы сияқты «Театр» жұрналы да күллі қазақ өнеріне қызмет ететін болады.
Соңғы жаңалықтар
Референдум