Алматыда «Театр көктемі ? 2009» фестивалі ашылады

АЛМАТЫ. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматыда М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында «Театр көктемі – 2009» фестивалінің ашылу салтанаты болады,

Алматыда «Театр көктемі ? 2009» фестивалі ашылады
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Фестиваль аясында Б. Жәкиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпай», Н. Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді», Қ. Мұхамеджанов пен Ш. Айтматовтың «Көктөбедегі кездесу», Т. Мәмесейіттің «Бәкей қыз» қойылымдары көрермендер назарына ұсынылатын болады. Аталған қойылымдар Е. Обаев, Т. Аралбай, О. Кенебаев, Ә. Рахимов секілді режиссерлердің қолынан шыққан туындылар. Фестивальдің биығы ашылуы «Ұлы мәртебелі актер» деген тақырып аясында өткелі отыр.