Алматыда «Театр көктемі-2017» фестивалі мәресіне жетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Қазақстан және КСРО халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Хадиша Бөкееваның 100 жылдығына арналған «ТЕАТР КӨКТЕМІ-2017» фестивалі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

null 

Профессор Хадиша Бөкееваның 100 жылдығына арналған «ТЕАТР КӨКТЕМІ-2017» фестиваліне 5 қойылым қатысты.  Атап айтқанда, Ғ. Мүсіреповтың «Ақан сері  Ақтоқты» трагедиясы, М. Омарованың «Ақтастағы Ахико» драмасы, Р. Кунидің «Мани  Мани» комедиясы, Қ. Мұраттың «Бақыт кілті» драмасы, М. Омарованың «Көмбе нанның дәмі» драмасы көрермен мен қазылар назарына ұсынылды. Фестиваль Х. Бөкееваны еске алу кешімен қорытындыланады. Кешке ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысты.

«Құрметті өнерсүйер қауым, біріншіден, Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Халықаралық театр күні қарсаңында өнердің майталманы Хадиша Бөкееваның 100 жылдығы өтіп жатыр. Хадиша Бөкеева қазақ өнерінің тарихында ерекше орын алады. Тетар ұжымына осы шараны ұйымдастырғаны үшін көп-көп рахмет айтқым келеді», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
null  

Құттықтау сөзінен кейін министр фестивальға тағайындалған Х.Бөкеева атындағы ҚР Мәдениет және спорт министрінің арнайы сыйлығын М. Омарованың «Ақтастағы Ахико» қойылымына табыс етті.

Осыдан кейін, Қазақстан театрлар қауымдастығы тағайындаған арнайы жүлде актер Еркебұлан Дайыровқа берілді. Сыйлықты Асанәлі Әшімов табыс етті.
null  

«Үлкен сыйлық  жас өсіп келе жатқан актерға үлкен дәреже. Еркебұлан деген баламыз  Әнуар Молдабеков, Есболған Жайсаңбаев, арамыздағы Сәбит Оразбаевтың ізін басып келе жатқан дарынды, талантты актер. Сондықтан, сыйлықты өз қолыммен ұсынамын», деді Асанәлі Әшімов Еркебұлан Дайыровтың орнына келген оның жұбайы актриса Ляйля Тілеуоваға ұсына отырып.
null  

Аталған фестиваль 13-18 наурыз аралығында өтті. Хадиша Бөкееваның 100 жылдығына арналған «ТЕАТР КӨКТЕМІ-2017» атты фестивалінің арнайы жүлделері бірқатар актерлерге табыс етілгенін де айта кетейік. Сонымен, «Балғын талант» жүлдесі «Көмбе нанның дәмі» қойылымындағы Сәлім шалға ілесіп жүретін бала рөлі үшін Аян Бекжанға, «Тұсаукесер» жүлдесі «Ақтастағы Ахико» қойылымындағы Ахмет ақын және рөлі үшін Абзалбек Максимге, «Тұсаукесер» жүлдесі «Ақтастағы Ахико» қойылымындағы Ахиконың әкесі рөлі үшін Аян Өтепбергенге, «Үміт» жүлдесі «Көмбе нанның дәмі» қойылымындағы Люба  украин қызы ролі үшін Ляйля Тілеуоваға, «Шығармашылық ізденістері үшін» «Көмбе нанның дәмі» қойылымының режиссері Алма Кәкішеваға, «Үздік Режиссура» жүлдесі «Бақыт кілті» қойылымының режиссері Есмұхан Обаевқа, «Үздік сценография» жүлдесі «Көмбе нанның дәмі» қойылымының суретшісі Есенгелді Тұяқовқа диплом және ақшалай сертификат берілді.

Ерекше атап өтейік, фестиваль аясында қазылар алқасы «Үздік Ер адам бейнесі» жүлдесін «Ақтастағы Ахико» қойылымындағы Ахико рөлі үшін Дулыға Ақмолдаға (диплом және ақшалай сертификат) табыс етті. 
null  

Соңғы жаңалықтар