Алматыда «Театр өнерінің өзекті мәселелері» атты Х республикалық практикум өтеді

АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - 2010 жылғы сәуірдің 11-і мен 13-і аралығында Алматыда шетелдік мамандардың қатысуымен театр өнері қайраткерлерінің «Театр өнерінің өзекті мәселелері» атты Х республикалық практикумы өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәдениет министрлігінің мәліметінше, Қазақтың М. Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының кіші залында болатын шараға Қазақстандағы театрлардың директорлары, көркемдік жетекшілері және бас режиссерлері қатысатын болады. Кезекті республикалық форум сәуірдің 12-де сағат 10.00-де ашылады. Практикум жұмысына Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері, РФ Мәдениет министрлігі жанындағы Сахна өнері қайраткерлері жоғары мектебінің негізін қалаушы және директоры, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Геннадий Григорьевич Дадамян қатысады.
Тыңдаушылар үшін «Қазіргі кезеңдегі театр өнерінің өзекті мәселелері» мен «Театрдағы актер мен режиссер: шығармашылық жұмыстың әлеуметтік жағдайы» тақырыптарында семинарлар, Қазақстанның республикалық және облыстық театрларының өзекті мәселелері жайлы жарыссөздер өтеді.

Соңғы жаңалықтар