Алматыда "Технологияларды коммерциализациялдау" жобасының тұсаукері жасалды

АЛМАТЫ. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Жобалары Халықаралық ғылыми және коммерциялизациялау жөніндегі кеңесте мақұлданған ғылыми институттар енді кіріс көзінің төрттен бірін өздері табатын болады. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан "Технологияларды коммерциализациялау" жобасын іске қосуға арналған симпозиумда айтылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Шетелде компаниялар инновацияға өз табысының 30-40 пайызын жұмсайды. Оның көлемі әр елдің әл-ауқатына, экономикалық дамуына байланысты әртүрлі. Қазақстанда бұл өте төменгі деңгейде. Сондықтан білім және ғылым министрлігі мен Бүкіләлемдік банктің бұл жобасы жүзеге асқаннан кейін бізде де 30-40 пайыз болады деп мен айта алмаймын", дейді білім және ғылым вице-министрі Махметғали Сарыбеков. Оның айтуынша, министрліктің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан бұл жобаның мақсаты еліміздегі коммерциялық мәні бар озық ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді көрсету. Ол ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылымдық жұмыстарды (ҒЗТҚЖ) қайта қалпына келтіруге, дамытуға, құрылымдауға, сондай-ақ оларды ұлттық және халықаралық технологиялар нарығымен байланыстыруға көмектесу. Жоба жүзеге асқан кезде қазақстандық ғылым отандық және шетелдік өндірістік өнеркәсіптермен тығыз байланыстар орнатады. Ғылыми-зерттеу қызметтері халықаралық ғылыми қоғамдармен пәнаралық және мәселелі-бағыттық негізде іске асыратын болады.

Жалпы құны 75 миллион АҚШ долларын құрайтын бұл жобаның 61,6 миллионы Үкіметтен, ал 13,4 миллионы Бүкіләмдік банктің заемымен қаржыландырылмақ. Қарыз 5 жылдық жеңілдікпен 15 жыл мерзімге беріледі. Бұл жоба 3 құрамнан тұрады. Біріншісі, Қазақстаның ғылыми базасын нығайту үшін бәсекеге қабілетті бағдарламалық-гранттардан, жоғары сапалы ҒЗТҚЖ және заманауи құралдармен жабдықталған орталықты қолдаудан. Екіншісі, қазақстандық ғалымдарды жергілікті және халықаралық технологиялар нарығымен байланыстыратын Технологияларды коммерциализациялау кеңсесі. Үшіншісі, жобаны іске асыратын Жобаны басқару тобын құру.

Соңғы жаңалықтар