Алматыда тексеру жүргізу тәртібін реформалау туралы дөңгелек үстел жиыны өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ақпанның 2-сінен кейін бизнес құрылымдарында жоспарлы тексеру азаяды. Бұл бүгін Алматыда тәуекелді басқару жүйесі бойынша тексеру жүргізу тәртібін реформалау туралы дөңгелек үстел жиынында айтылды,

Алматыда тексеру жүргізу тәртібін реформалау туралы дөңгелек үстел жиыны өтіп жатыр

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оны Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің қолдауымен ЮСАИД-тың Қазақстандағы бизнестік ортаны жақсарту жобасы (ВЕІ) мен Қазақстан кәсіпкерлері форумы бірігіп ұйымдастырды. Бұл шара тәуекелді басқару жүйесі бойынша тексеру жүргізу тәртібін реформалау және "Жеке кәсіпкерлік туралы" заң, республикадағы рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша тұжырымдамадағы өзгерістер мен түзетулерді жүзеге асырудың қорытындыларын талқылауға арналған болатын. Онда сондай-ақ, субъектілерді тәуекел тобына бөлу критерийлері және заң жағдайына сәйкес - тәуекел тобы құрамын анықтау; Тексеру парақшасын тағайындау және оны енгізу мақсаты; Тексеруші және тексерілушінің тексеру жүргізудегі құқықтары мен міндеттері; Тексеру қорытындылары бойынша шағымдану тәртібіне түсіндірмелер жасалуда. "Жеке кәсіпкерлік туралы" ҚР Заңына енгізілген түзетулер бойынша тәуекелді басқару критерийлері мен мемлекеттік органдардың тексеру парақшалары мақұлдау туралы министрліктер арасында бірлескен бұйрық дайындалған болатын. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің жетекшісі Рүстем Ақбердиннің айтуынша, ақпанның 2-сінен бастап тексеру парақшалары енгізіледі. Бұл мемлекеттік органдардың бизнес құрылымдарындағы жоспарлы тексеру жұмыстарын күрт азайтпақ.