08:18, 12 Шілде 2013 | GMT +5
Алматыда темекі өнімдерінің қоймасы отқа оранды - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 12 шілде. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Жетісу ауданында бейсенбі күні кешқұрым «Берлик сити групп» ЖШС аумағындағы темекі өнімдерінің қоймасы отқа оранды.
Жалын 1800 шаршы метр аумақты жайпаған. Бұл туралы ҚР ТЖМ хабарлайды.
Тілсіз жау 1,5 сағаттан кейін ауыздықталды. Оған ҚР ТЖМ Алматы қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 82 маманы мен 17 техникасы тартылды. Зардап шеккендер жоқ.