Алматыда теннис орталығының құрылысын аяқтамаған компания айыппұл төлейді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Құрылысы ұзаққа созылған спорт нысанына қатысты сот процесінде іс әкімдіктің пайдасына шешілді. Бұл туралы қалалық нысандарды аралау кезінде Алматы әкіміне бейінді басқарманың өкілдері баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Алатау ауданындағы теннис орталығы 2 жыл бұрын ашылуы тиіс еді. Бірақ күні бүгінге дейін ғимарат пайдалануға дайын емес.

«ПМК-7К» ЖШС мердігер ұйымы міндеттемелерін орындамағаны үшін мемлекеттік сатып алудың жауапсыз қатысушысы болып танылды. Сот компанияға айыппұл төлеуге, пайдаланылмаған авансты қайтаруға міндеттеді. Мердігер шешімге қарсы шыққанымен, сот апелляциялық шағымды өзгеріссіз қалдырды», - деп хабарлады әкімдіктен.

Ерболат Досаев басқармаларға атқарылған жұмыстарға техникалық аудит жүргізуді және құрылысты аяқтау жөнінде ұсыныстар енгізуді жүктеді.


Соңғы жаңалықтар