Алматыда теннистен ел жастарының біріншілігі өтеді

АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - 15-20 тамыз аралығында Алматыда 12-16 жас аралығында теннистен Қазақстан Республикасы жастарының біріншілігі басталады. Бұл ақпаратты ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Алматыда теннистен ел жастарының біріншілігі өтеді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кортына Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Тараз, Петропавл, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар қалаларының үздік теннисшілері шығады.

Турнирдің мақсаты - спортшылардың шеберлігін шыңдап, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беру, үздік жас спортшыларды анықтау.