09:51, 23 Сәуір 2011 | GMT +5
Алматыда теннистен ерлер арасында халықаралық турнир өтеді
АЛМАТЫ. 23 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 25 сәуір мен 1 мамыр аралығында теннистен ерлер арасында «Almaty Futures» деп аталатын жоғары дәрежелі халықаралық турнир болады.
Жүлде қоры 10 мың АҚШ долларын құрайтын бұл жарыс ҚР Теннис федерациясы таратқан хабарламаға қарағанда Қазақстандық теннис турлары аясында өтпек. Оған Жапония, Қырғызстан, Ресей, Украина, Польша, Италия сияқты алыс-жақын шет елдерден спортшылар қатысқалы отыр. Бұл байрақты бәсекеде ел намысын 9 теннисші қорғамақ. Оған Айдынбек Рақышев, Дмитрий Макеев, Денис Евсеев, Дмитрий Бородкин, Арвидас Мачулис, Алексей Нестеровтер іріктеу кезеңінен бастап қатысса, Сержан Есенбеков, Алексей Кедрюк пен Данил Браун оған негізгі кезеңде ғана араласатын болады.