Алматыда теннистен жасөспірімдердің дәстүрлі біріншілігі өтіп жатыр

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оны Қазақстан теннис қауымдастығының Алматы қалалық бөлімшесі ұйымдастырып отыр. Оған Республикамыздың әр аймағынан келген 32 ұл және 32 қыз бала қатысуда. Кеше жалауын көтерген бұл байрақты бәсекенің мақсаты елімізде кейінгі жылдары қарқын алып келе жатқан теннис спортын дамыту, жасөспірімдерді осы спорт түріне баулу.
Сайыстың бас төрешісі Антон Игнатченконың айуынша, жарысқа қатысушылардың ішінде Оңтүстік Қазақстан облысынан келген жас спортшы Сержан Есенбеков пен алматылық Антон Саранчуков болашағынан зор үміт күттіреді. Сонымен қатар, олар осы біріншіліктегі басты ойыншылар болып саналуда.
Айтулы бәсеке жұма күні қорытындыланады. Осы күні жекелей және жұптасып өнер көрсетушілердің жеңімпаздары анықталады.