Алматыда «Терапияның өзекті мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/- Алматыда көрнекті дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор Орынғалы Әдибаевтың 70 жылдығына арналған «Терапияның өзекті мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр.

Алматыда «Терапияның өзекті мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр

Аталған шараға О. Әдибаевтың бірге оқыған және қызметтес болған достары мен туған- туыстары қатысуда.

Жиын барысында профессордың медицина ғылымына, соның ішінде терапия саласына қосқан ерен еңбектері мен жетістіктері баяндалды. «Орынғалы көзі тірісінде халқы үшін көп еңбек еткен адам. Сонымен қатар көптеген шәкірт тәрбилеп шығарған жан. Ғалым өмірден өткенімен, артында баға жетпес еңбектері қалды», - дейді Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру инситутының проректоры Әлихан Жүсіпов.

Шара барысында Ресейден және еліміздің басқа аймақтарынан келген ғалымдар бірнеше тақырыпта баяндамалар жасап, талқылады.

Аталған шараны Алматы Мемлекеттік дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру инситутының терапия кафедрасы мен инсультпен күрес жөніндегі Қазақстан Ұлттық қауымдастығы ұйымдастырып отыр.