Алматыда террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі алынып тасталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы аумағында лаңкестік қауіптіліктің "қызыл" деңгейі алынып тасталды, деп хабарлады Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес бойынша шұғыл штабынан.
«Алматы қаласы аумағында лаңкестік қауіптіліктің "қызыл" деңгейі алынып тасталды. Заңсыз әрекет жасаған күдікті ұсталды. Ұстау барысында ол қарсылық көрсетті. Сондықтан қарусыздандырылды. Қазір ұсталған күдікті қамауға алынды. Жедел және әлеуметтік кешенді шаралар барысында мынадай жәйттер анықталды. Бүгін таңертең күдікті жеке такси жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасады. Соның салдарынан жас әйел - таксидегі жолаушы қаза тапты. Қазір қалада жағдай тұрақталды. Қауіп-қатер сейілді. Құқық қорғау органдары жағдайды толығымен бақылауға алды», - делінген хабарламада.