Алматыда террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі жойылады – штаб

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 26 қаңтар күні сағат 00.00-ден бастап Алматы қаласында терроризмге қарсы операция режимінің және террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейінің күші жойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі жойылады – штаб

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб Алматыдағы жағдайдың тұрақтанғанын мәлім етті.

«Қала аумағында қабылданған қаулыға сәйкес, 26 қаңтарда сағат 00:00-ден бастап лаңкестікке қарсы антитеррорлық іс-шара режимі тоқтатылып, лаңкестік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі жойылады. Сол уақыттан бастап лаңкестік қауіптіліктің жоғары «қызғылт сары» деңгейі белгіленеді»,- делінген хабарламада.

Арнайы және құқық қорғау органдары жаппай тәртіпсіздіктерге қатысушылар мен ұйымдастырушыларды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жалғастыруда.

Террорлық қауіптің қазіргі деңгейінде құқық қорғау органдарына қару-жарақ пен жарылғыш заттарды анықтау мақсатында көлік құралдарын тінтуге рұқсат етілген.

«Құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарап, шыдамдылық танытып, олардың заңды талаптарын бұлжытпай орындауыңызды сұраймыз»,- деп атап өтті терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы қалалық жедел штабы


Жайық
Ұқсас жаңалықтар

Орынбордағы Иреклі қоймасынан Жайыққа жіберілетін су көлемі қайта көбейді