Алматыда «Тіл, мәдениет және ұлттық қауіпсіздік» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өтеді

АЛМАТЫ. 23 сәуір. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Аталған шараны Ломоносов атындағы Мәскеу ұлттық университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қолданбалы лингвистика және мәдениаралық қарым-қатынас орталығы ұйымдастырады.
None
None

Шараны өткізудегі негізгі мақсат - қазіргі лингвистика ғылымының тілін меңгеру, оқыту әдістемесі, аударма және мәдениаралық қарым-қатынастың инновациялық тәжирибесін пайдалану, ғылыми ізденістерді халықаралық деңгейде жүзеге асыру.

Семинарды М.В. Ломоносов атындағы МҰУ-дың шет тілдер және аймақтану факультетінің деканы, профессор С.Г. Тер-Минасова өткізеді. Семинар ағылшын және орыс тілдерінде өтеді.

Семинар соңында Ломоносов атындағы Мәскеу ұлттық университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің сертификаты беріледі.

Соңғы жаңалықтар