Алматыда «тіл мен көзден сақтайтын» алаяқ ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тіл мен көзден сақтаймын деп елді алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

34 жастағы Алматы облысының тумасы  Әуезов ауданында «қызмет» етіп келген.

Оның айтқанына сенген адамдар әрбір «қызметі» үшін қомақты қаражат төлеп отырған.

«Негізінен ол әйелдерді алдап келген. Атап айтқанда, ол тіл мен көзді, дуаны алып, болашақты болжап беріп отырған. Тіпті бір адамнан келіншек 200 мың теңге алған. Алайда, оның  көрсеткен қызметінен еш нәтиже болмаған. Сөйтіп алданған әйелдер полицияға арызданған. Қазір оған қатысты ҚР ҚК 190-бабы бойынша алаяқтық жасады деген айыппен қылмыстық іс қозғалды. Егер осы әйелдің қызметінен жапа шеккен адамдар болса, 298-53-00; 298-53-01 және 298-53-02 телефондарына хабарласуын сұраймыз», - деді Әуезов аудандық полиция басқармасының басшысы Әлішер Тұрсынбетов.

Полицияның айтуынша, әйелдер оның қызметі жайлы ұзынқұлақтан біліп отырған.

Соңғы жаңалықтар