Алматыда тілдерді оқыту мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат - Сәуірдің 9-ы күні Алматыда «Тілдерді оқытудың тиімді стратегиясы, қазіргі жолдары мен жаңа әдістері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

Конференцияны «Study INN» білім беру компаниясы Cambridge University Press және «Study Group» халықаралық білім беру корпорациясымен бірлесіп ұйымдастырып отыр. Оның барысында тілдерді оқыту саласындағы инновация, тілдерді оқыту үрдісіндегі қазіргі оқулық пен оның рөлі және тілді тәжірибеде қолдану мәселелері қозғалатын болады.

Халықаралық деңгейдегі іс-шараның міндет-мақсаттары - Cambridge University Press шығарған оқу әдебиеттермен таныстыру, халықаралық тәжірибелермен бөлісу, сондай-ақ ең жаңа әрі ең үздік әдістемелерді қолдану арқылы Қазақстанда тілді оқыту стандарттарын жақсартуға септігін тигізу және Қазақстанның оқу орындарын бітіретіндердің тіл білу деңгейін жақсарту.

Әлемдегі ең көне баспа орындарының бірі ретінде Cambridge University Press тілдерді оқыту саласындағы ең үздік баспа болып табылады. Ол сондай-ақ, академиялық әдебиеттерді, оқытушыларға арналған сериялар мен лингвистика саласындағы жаңа әдістемелік оқулықтарды (грамматикалық оқу құралдары, сөздіктер, өздігімен үйрену оқулықтары) шығарумен әлемге әйгілі.

Соңғы жаңалықтар