Алматыда «Тілі мықтының - елі мықты» атты семинар өтті

АЛМАТЫ. 1 қазан. ҚазАқпарат - Алматыда Алматы облысы бойныша кедендік бақылау департаменті Орталық Азия Университетімен бірлесе отырып, мемлекеттік тілді дамыту және насихаттау мақсатында «Тілі мықтының - елі мықты» тақырыбында семинар өткізді.
None
None

Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту және қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру мақсатына сәйкес мемлекеттік тілде оқыту инфрақұрылымын оқыту әдістемесін жетілдіру және стандарттау жолымен дамыту жоспарланып отыр.

Бұл бағдарламаның аясында Алматы облысы бойынша КБД мен Орталық Азия Университеті қызметкерлерді ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау Комитеті бекіткен оқу жоспары бойынша оқытады. Оның барысында кедендік іс бойынша терминдерді зерттеу, жұмыста қажетті іс қағаздарын, құжаттарды ресімдеуге көп көңіл бөлінеді.

Шараға Алматы облысы бойынша КБД аппаратының басшылығы мен қызметкерлері, Орталық Азия Университетінің оқытушылары қатысты.

Соңғы жаңалықтар