Алматыда «Тимуршылар командасы» қайда жандануда

 АЛМАТЫ. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматы қаласының Медеу ауданында қарттар айлығын аяқтау шеңберінде, салауатты өмір салтын, тазалық мәдениетін насихаттау және үлкендерге құрмет көрсету мақсатында «Аяла» аудандық акциясы өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Акцияға қатысушылар Кіші Алматы өзені жағалауын, Фурманов көшесі мен Мақатаев көшесінің қиылысындағы және «Горный гигант» ықшамауданындағы Жамақаев көшесіндегі скверлерді тазалап, жалғыз басты қарт адамдар мен зейнеткерлерге  көмек көрсетті.

Шараны ұйымдастырушы аудандық аппараттың және  «PRM Street» компаниясы қызметкерлерінің айтуынша, мұндай шаралар кезіндегі «Тимуршылар командаларының» қайда жандануына ықпал етеді. «Бұл шаралар әрқашан өткізіліп тұрады», дейді олар.

Акция басталмастан бұрын Республика сарайының алдында «Жасыл ел», «Жас Отан», «Экопатруль» мүшелерінің қатысуымен үлкен шеру мен  концерт болып өтті.   

Соңғы жаңалықтар