Алматыда ТҚО-да болған өртте үш автокөлік зақымданып, біреуі жанып кетті
ТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Алматының Бостандық ауданында орналасқан «Нұржанов» жеке кәсіпкерлігінің «RM» техникалық қызмет көрсету орталығында ірі өрт болды.
ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өрт 10 қазан күні сағат 21.52-де лакпен сырлау камерасында тұтанып, ғимараттың шатырына ауысқан.
Жалын сағат 23.36-да ауыздықталды. Онымен күреске ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 37 адамы мен 9 техникасы жұмылдырылды. 350 шаршы метрді жалмаған тілсіз жау салдарынан 4 автокөлік зақымданды, оның біреуінің қаңқасы ғана қалды. Құтқарушылар анықтағандай, оқиғадан зардап шеккен адамдар жоқ.