Алматыда ТМД елдерінде теңдесі жоқ Жаттығу дағдылары орталығы ашылды

АЛМАТЫ. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыдағы Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің тарихында жаңа бет ашылды.
None
None

Оны университет ректоры Айқан Ақанов Қасен Қожақметов атындағы Жаттығу дағдылары орталығының ашылу рәсімінде айтты. ТМД елдерінде теңдесі жоқ бірегей бұл орталық бұрынғы ректорат ғимаратында орналасқан. Оның жөндеу жұмыстарына ғана 1,5 миллион доллардан астам қаржы жұмсалып отыр.

"Бұған дейін біздің студенттердің тәжірибелік дағдылары төмен болып келген еді. Енді осы олқылықтың орны толатын болды. Біздің әлеуетімізді көрген Білім және ғылым министрі таяу күндері жоғары оқу орнына иновациялық университет мәртебесін беретін болды. Бұған академик Төрегелді Шармановтың қосқан үлесі өте зор", - дейді Айқан Ақанұлы. Оның сөзіне қарағанда, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ға ғылыми зерттеу тақырыптарына қазірдің өзінде 500 миллион теңге бөлініп отыр.

Жалпы Қасен Қожақметов атындағы Жаттығу дағдылары орталығы құрылымына - Коммуникативті дағдылар орталығы; Медициналық симуляция орталығы; "Стоматология", "Фармация" мамандықтары бойынша дағдылар орталықтары; Медициналық-сауықтыру ісі дағдылары орталығы, ОСКЭ орталығы (Білім мен дағдыларды тәуелсіз бағалау) еніп отыр.

Соңғы жаңалықтар