Алматыда ТМД елдерінің сыртқы шекараларындағы ахуалы талқыланады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 мамыр күні Алматыда Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің отырысы өтеді. 

Алматыда ТМД елдерінің сыртқы шекараларындағы ахуалы талқыланады

Бұл туралы ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Кеңес мүшелері ТМД-ға мүше елдердің сыртқы шекараларындағы ахуалды және оны дамыту үдерісін, 2017 жылы Каспий теңізі айдынында бірлескен арнайы шекара операцияларын және жедел-алдын алу шараларын өткізуге және оған дайындық барысын талқылайтын болады.

Сыртқы шекараларда шұғыл жағдайлар туындаған жағдайда және оны реттеуде көмек көрсету үшін Достастық елдерінің шекара және өзге де ведомстволарымен өзара іс-әрекетті ұйымдастыру мәселелерін қарастыру, сондай-ақ терроризммен және экстремизмнің өзге де зорлық-зомбылық көріністерімен күрес бойынша ынтымақтастықты талқылау жоспарлануда.

Одан бөлек, шекара ведомстволары арасында мемлекетаралық ақпарат алмасу мүмкіндігі мәселесі көтеріліп, Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің шекараларды қорғау саласындағы БҰҰ-ның мамандандырылған ұйымдарымен 2015-2016 жылдарғы өзара әрекеттестігі және оны жетілдіру жолдары талқыланады.